02
сентябрь
2025
«МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ!»
«МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ!»
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №118 Көкбұлақ жалпы орта білім беретін мектебінде жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында «Мектебім-мейірім мекені!» тақырыбында Білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілді.
Салтанатты жиынға Ордасы ауданының құрметті азаматы, Ардагер ұстаз Мырзалиев Әбдіғаппар , Сатыбалды Темір Халтайұлы және Төтенше жағдайлар департаментінің кіші сержанты Сапарбек Бақытжан Жайлаубайұлы, Попечительский совет төрағасы Кәде Нұрмахан Сыдықұлы және мүшелері, Көкбұлақ мәдениет үйінің басшысы Карима Оралова, мектеп ұжымы мен ата-аналар қатысты.
Мектебіміздің басшысы Тугелов Адил Турдыбаевич жас жеткіншектерді, ата-аналарды, ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтады. Жастар еліміздің болашағы, ертеңіміздің бағдары екендігін, ел ертеңі жастармен тікелей байланысты екендігін атап өтті. Салтанатты жиынға келген қонақтар сөз алып жас жеткіншектерімізге, мектеп ұжымына деген өздерінің жүрек жарды лебіздерін жеткізді.
Биылғы оқу жылы сəтті басталып, мектебіміздің ұстаздары мен шəкірттеріне жемісті де, жеңісті жыл болады деп кəміл сенеміз!
https://www.facebook.com/share/p/17cjfR19NB/